• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 09:05

Жаңа дәуір мүмкіндігі

50 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің даму тарихындағы жаңа кезеңді айқындайтын бас­таманы жария етті. Бұл – «Alatau City» жобасы. Мемлекет басшысы жаңа қаланың еліміздің іскерлік және инновациялық орталығына айналатынын атап өтті.

Президент нақты тапсырма берді: он күн ішінде қалаға арнайы мәртебе беру туралы Жарлық жобасы дайындалып, алты ай ішінде «Alatau City туралы» жеке заң қабылданады. Құжатта қаланы басқару режімі, қаржылық модель, инвесторларға кепілдіктер және тұрғындарға арналған әлеуметтік-экономикалық тетік­тер қарастырылмақ.

Бұл бастама халықаралық тәжі­рибеге негізделген. Әлемде ар­найы мәртебеге ие қалалар ин­вес­тиция мен технологияны тар­­тудың негізгі орталықтарына айнал­ған. Шэньчжэнь, Сингапур, Дубай – соның айқын мысалдары. 2 қыркүйекте Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасында келі­сім жасалды. Бұл құжатқа Ұлт­­тық инвестициялық корпорация, «Caspian Group» АҚ және Қытайдың алып құрылыс компаниясы – «CSCEC International Construction Corporation Ltd» қол қойды.

Alatau City жеке инвестициялар есебінен салынады. Біз шетелдік инвесторлардың пулын құрдық. Бұл жобаға АҚШ, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таяу Шығыс елдері де қызы­ғу­шы­лық танытып отыр. Қазан айында Сеулде роуд-шоу өтеді. Оған «Hyundai», «Samsung», «Lotte» секілді алпауыт корпорациялар қатыспақ. Цифрлық қала – болашақтың бейнесі.

Алматы агломерациясында бой көтеретін жаңа қала Орта­лық Азиядағы алғашқы толық цифрлық қала болмақ. Мұнда Smart City технологиялары енгізіледі, криптовалюта арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болады, жасанды интеллектіге негізделген басқару жүйелері қол­­данылады. Бұл қадамдар жаңа қа­ланың цифрлық экожүйе ретінде дамуына берік іргетас болмақ.

Жоба іске қосылғанда мыңда­ған жаңа жұмыс орны ашылады, IT және жоғары технология индустриясы қарқын алады, шетелдік инвестициялар көлемі артады. Сонымен қатар жаңа қала жастарға білім мен жұмыстың заманауи мүмкіндігін ұсынып, жаңа урбанистикалық мәдениетті қалыптастырады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтеріл­ген бастамалар – еліміздің жаңа даму кезеңіне жол ашатын тарихи қадам. Әсіресе Alatau City жобасын жүзеге асыру туралы шешім – еліміздің инно­вациялық әлеуетін арттырып, елді халықаралық деңгейде жаңа биікке көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Мемлекет басшысының батыл әрі стратегиялық қадамдарына ризашылық білдіреміз. Бұл бастамалар елімізді цифрлық дәуірдің көшбасшысына айналдырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарға білім мен кәсіпкерлікке жол көрсетуге мүмкіндік береді. Президентіміздің сенімді басшы­лығымен еліміздің болашағы жарқын боларына сенеміз. Alatau City ұлттың жаңа дәуірге қадам басуының рәмізі болмақ.

 

Юрий ЦХАЙ,

«Caspian Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы