Ғалымдардың айтуынша, Жердің өз осінен айналу жылдамдығы біртіндеп баяулап жатыр. Бұл құбылыс бірден біліне қоймаса да, оның әсері ұзақ уақыттан кейін анық сезіледі.
Мәселен, бір ғасыр өткен сайын тәуліктің ұзақтығы орта есеппен 1,8 секундқа артып отырады. Бүгінгі күннің ұзақтығы – 24 сағат болса, шамамен 600 миллион жыл бұрын бір тәулік 21 сағатқа теңесіпті. Ғалымдар бұл өзгерісті Айдың тартылыс күшімен байланыстырады. Ай Жерге гравитациялық әсер етіп, теңіздер мен мұхиттарда толқын тудырады. Сол толқындар Жердің айналуын аз да болса тежеп, жылдар өткен сайын тәуліктің ұзақтығын арттыра береді.