• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 07:50

Еуропа: алғашқы суперкомпьютер

20 рет
көрсетілді

Германияның Юлих қаласында Еуропа­да­ғы тұңғыш суперкомпьютер – «Jupiter» ресми түрде жұмысын бастады.

Қуатты құрылғы бір секундта квинтиллион операция орындай алады. Бұл – бір мезетте 10 миллионнан астам ноутбуктің жұмыс істеуіне тең көрсеткіш. Суперкомпьютерді жасауға «Atos» пен «ParTec» компаниялары атсалысқан. Жоба «Nvidia» про­цес­сор­ларының н­е­гі­зінде құ­рас­тырылған.

Германия канц­лері Фридрих Мерц­тің айтуынша, бұл бастама Еуро­паның АҚШ пен Қы­тайды жасанды ин­теллект саласын­да қуып жетуге көмек­теседі. «Jupi­ter» тек ІТ саласында емес, био­технология, кли­мат­тық зерттеулер, бас­қа да стратегиялық маңызды ба­ғыт­тарда қолданылады.

Сарапшылардың пікірін­ше, мұндай қадам Еуропаның ше­телдік цифрлық қызметтерге тәуел­ділігін азайтып, өз ғылыми және техно­логи­ялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.