• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2025

Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

180 рет
көрсетілді

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Оның алғашқы қарсыласы венгриялық Лилу Селецки болды.

Лилу бірнеше рет нокдаунға түсті, содан кейін рефери үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.