• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматы облысында көпқабатты үйдің жанынан 20 жастағы жігіттің денесі табылды

30 рет
көрсетілді

Жас жігіттің денесін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнында түсірілген фото-видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте «Аспан сити» тұрғын үй кешенінде болған. Жігіт 12-қабаттың ортақ балконынан секіріп кеткен.

«Полиция қызметкерлері 8 қыркүйекте Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде Алматы қаласының 20 жастағы тұрғынының өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам бұған дейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген деген болжам бар», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, деп толықтырды полицейлер.