• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 08:50

Билік тармағын жетілдіретін бастама

40 рет
көрсетілді

Қазір елімізде қос палаталы Парламент жұмыс істейді. Олар – Мәжіліс пен Се­нат. Алайда бұл құрылым кей жағ­дайда заң шығару үдерісінің баяулауына, процедуралық кідірістердің орын алуына алып келіп отыр. Осыған байланысты бірқатар сарапшылар мен депутаттар бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы алға тартты.

Аталған ұсыныс­тың мәні тек Сенат­ты таратуда емес, Парламентті мейлін­ше ықшамдап, тиім­ді және сапалы заң шығаратын орталық орган ретінде қайта құру. Бұл – негізінен әлемде кең таралған парламенттік рәсім. Жаңа құрылымның атауы Мәжіліс болып қала ма, әлде мүлдем басқа форматта жүзеге аса ма, оны уақыт көрсетеді. Ең бастысы – заңнамалық үдерісті жедел, тиімді, ашық ету.

Одан бөлек, Мәжілісте көп­теген маңызды мәселе қаралатын салалық комитеттер бар. Мысалы, энергетика, төтенше жағдайлар, экология және тағы басқа. Алайда жер қойнауын пайдалану сынды кейбір маңызды бағыттар – басқа комитеттің құзырында. Бұл функциялардың қайталануына және жауапкершіліктің нақты бөлінбеуіне себеп болып отыр. Осыған байланысты коми­теттердің құрылымын оңтай­ландырып, нақтылау қажет.

Парламенттің тиімді жұмыс істеуі үшін вице-спикерлердің санын арттыру ұсынылады. Қазіргі уақытта екі спикер бү­кіл комитеттермен сапа­лы түрде өзара іс-қимыл жүргі­зуге физикалық тұрғыда үлгер­мейді. Әр вице-спикерге нақ­­ты бағыттар бойын­ша жауап­кершілік жүктелуі жалпы жұ­мыс­тың сапасын арттыра түседі.

Сондай-ақ депутаттарға берілетін көмекшілер де көбірек керек. Мәселен, Оңтүстік Корея­ның тәжірибесіне сәйкес, әрбір депутаттың жанында 4-5 кеңесші және 4-5 көмекшіден тұратын топ жұмыс істейді. Бұл заң жобаларын әзірлеу, депутаттық сауалдар дайындау, сайлаушылармен байланыс орнату сияқты маңызды қызметтердің жоғары сапада атқары­луы­на мүмкіндік береді. Ал елімізде қа­зіргі уақытта бір депу­татқа бір ғана кө­мекші бөлінген. Ол ұйым­­дастырушы­лық жұмыстардан бас­тап, азаматтарды қа­былдау, хаттарға жауап беру, заң жобаларын талдау сияқты алуан түрлі міндеттерді бір өзі атқарып отыр. Мұндай жүктеме заң шығару сапасына тікелей әсер ететіні анық.

Осы аталған өзгерістер жүзеге асқан жағдайда Үкімет құ­рылымында да сәйкес инсти­туционалдық реформалар жүр­гізілуге тиіс. Мұндағы мәселе – мемлекеттік аппаратты сан жағынан ұлғайту емес, оның мазмұндық құрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру.

Осыған орай Президент 2027 жылы Жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды. Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсім аяқталғанша өз ісімен айналысады. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін жұмыс істейді. Бұл өте маңызды мәселе болғандықтан оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, қазіргі Парламентте де жан-жақты талқылануы қажет.

Қорытындылай келе, бір па­­латалы Парламентке көшу, мемлекеттік басқару құры­лы­мын оңтайландыру еліміз­дің сая­си тұрақтылығын нығай­татын, болашаққа бағытталған жүйелі реформалар болуға тиіс.

 

Еділ ЖАҢБЫРШИН,

Мәжіліс депутаты