Ағылшын әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген жазушы Уильям Шекспир шығармаларымен ғана емес, тілді байытумен де тарихта қалған.
Ғалымдардың дерегінше, ол ағылшын тіліне шамамен 1 700 жаңа сөз енгізген. Мысалы, бүгінгі күні жиі қолданылатын lonely (жалғыз), gossip (әңгіме-сыр), fashionable (сәнді), majestic (асқақ) секілді сөздер алғаш рет оның пьесаларында қолданылған. Шекспирдің бұл жаңалығы ағылшын тілін әлемдегі ең бай тілдердің біріне айналуына үлес қосқан.