Бүгінде жер шарындағы халықтың жартысына жуығы екі немесе одан да көп тілде сөйлей алады.
Мысалы, Үндістанда бір адам әдетте үш-төрт тілді қатар қолданады: жергілікті тіл, хинди, ағылшын және аймақтық диалект. Африка құрлығында да көптілділік кең тараған. Мысалы, Нигерияда ресми тіл – ағылшын болғанымен, халық арасында 500-ден астам тіл қолданылады. Сонымен қатар Швейцария, Бельгия, Сингапур, Канада, Люксемург мемлекеттерінде бірнеше ресми тіл бекітілген.