• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

50 рет
көрсетілді

7 қыркүйек күні әлем чемпионатының шаршы алаңына шыққан былғары қолғап шеберлері жекпе-жектерін жеңіспен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.

Күндізгі сессияда алғаш болып 55 келі Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен қолғап түйістірді. Отандасымыз бірінші раундты сенімді түрде өз пайдасына шешті. Екінші раундта төрешілер пікірі екіге бөлінгенмен, 3-раунд қорытындысында Махмұд Сабырханның қолы көтерілді. 

Одан кейін Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде өтіп жатқан жаһан біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізді. 80 келіде ел намысын қорғайтын боксшымыз 3 раундта да украиналық Матвей Ражбадан басым болды. Келесі кезеңде Нұрбек Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кім мықтыны анықтасады. 

Әйелдер құрамасы сапынан Карина Ибрагимова 1/8 финалда жеңіске жетті. 57 келіде өнер көрсететін Карина бұл кезеңде ұлыбританиялық Элис Глинді 5: 0 есебімен қапы қалдырды. 

Жеңісті жолды 70 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова да жалғады. Ол үндістандық Санамача Чоксомды айқын басымдықпен жеңді. 

Кешкі сессияны 65 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Ертуған Зейнуллинов қорытындылады. Ертуғанның 1/16 финалында қарсыласы франциялық Уго Грау болды. Алғашқы раундта жеңіс қарсыласқа берілгенмен отандасымыз кейінгі раундатрда жеңісті жұлып алды. 

Айта кетейік, World boxing ұйытқы болған біріншілік 14 қыркүйекте қорытындыланады.