7 қыркүйек күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Брюссель қаласында Бельгияға қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Сырт алаңда өткен матчта ел құрамасы екі тайм қорытындысында 0: 6 есебімен бельгиялықтарға есе жіберді.
Алаңға алғашқы минуттардан Сейсен, Әліп, Жақсыбаев, Қасым, Мужиков, Оразов, Самородов, Вороговский, Кенжебек, Астанов, Өміртаев шықты.
«Лотто Парк» стадионында өткен ойын нәтижесінен кейін құрама бас бапкері Әли Әлиев жеңілісті өз мойнына алып, қызметінен кететінін мәлімдеді.
«Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын», деді ол.
Айта кетейік, ұлттық құрама келесі кездесуін өз алаңында 10 қазан күні Лихтенштейнге қарсы өткізеді.