• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 08:15

Ұжымдық ойын үлгісін көрсетті

20 рет
көрсетілді

Футболдан ұлттық құрама команда келесі жылы жалауы желбірейтін әлем чемпионатына іріктеу аясындағы кезекті матчын өткізді. 4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Уэльс құрамасына қарсы ойнап, 0:1 есебімен есе жіберді.

Жалғыз голды 24-минут­та қо­­нақ­­тар сапында ша­буыл шебінде ойнаған Киффер Мур соқты. Бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәсли­­­хатында команда сын тезін­­де тұрғанын, Бақтияр Зайнутдинов, Еркін Тапалов сынды ойыншы­лар жарақатына байланысты ойынға қа­ты­са алмайтыны да ұжым­ның әлеуетіне айтар­лық­тай әсер еткенін айтқан еді.

«Жігіттердің дайындығы ойда­ғыдай өтті. Ішкі чемпио­наттың матчтарына қаты­сып, ұлттық құрама ойыншы­ла­­рының қарым-қабілетін көрдік. Футбол жарақатқа жиі ұрындырады. Тәжірибелі футболшылардың кейбірі жарақаттанып, қатар­ға қосыла алмағаны қын­жыл­­­тады. Дегенмен де өзге жігіт­­тер сенімді ақтауға барын салды. 1-таймның басынан тізгін қарсыластарда болып, қыспаққа алды. Үзіліске дейін есепті сақтауға күш сал­­дық. 2-таймда қарсылас коман­даның жасанды алаңға жерсіне алмауын, жер­гілікті жанкүйерлердің бізді қызу қол­дауын, Уэльс ойын­шы­­ларының шаршап қал­ға­нын ұтымды пайда­ла­ну­ға ты­рыстық. Соған сүйе­ніп дүркін-дүркін шабуыл ұйым­­дас­тырдық. Өкініш­тісі, жолымыз болмады, бір­неше рет доп қарсылас қақпасының маңдайшасынан қайтты. Жан­күйерлерге ерекше алғыс айтамыз, құрама орасан қол­­­дауды сезінді», деді Әли Ханәлиұлы.

Жалпы, жігіттер ұжымдық ойын үлгісін көрсетті. Жар­тылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебектің бірнеше соқ­қысы Уэльс ойыншыларын айтарлықтай абдыратты. Ұлттық құраманы алаңға бас­тап шыққан капитан Нұрәлі Әліптің сіңірін созып, орта жолда тартыстан шығып қалғаны өкінішті. Матчта тең нәтиже тіркеуге мүмкіндік мол болды. Ұлттық құрама жейдесін жаңа киген жастардың жігер танытуы жанкүйерлерді сүйсінтті. Футбол­шыларының біразы Англия біріншілігінде ойнап, шарболаттай шыңдалған Уэльс құрамасын кәдімгідей сас­тырды. Ұлттық құрама сапын­дағы алғашқы матчына қатысқан қақпашы Темірлан Анарбеков қарсыластардың бірнеше қауіпті соққысын тойтарды.

Валлиліктердің бас бапкері Крейг Беллами стадионның жасанды алаңы айтарлықтай ауыр соққанын айтты. Тіпті табиғи көк майса үстінде доп теуіп дағдыланған ойын­шы­лар­ға жарақат көлденең киліге ме деп қауіптенгенін де жасырмады.

«Біздің жігіттердің көп­шілігінің футбол мау­сымы енді басталады, ал мұнда ішкі чемпионат нағыз қыз­ған ша­­ғында. Бұған дейін мұн­дай жасанды алаңда ойнап көрмегендіктен де ойын жеңіл тиген жоқ, жігіттер айтар­лық­тай шаршап қал­ды», деді.

Еліміздің ұлттық құрама футболшылары әлем чемпио­на­тының финал­дық кезеңіне іріктеу ойындарын J тобында өткізіп жатыр. Әзірге қор­жы­нымызда 3 ұпай ғана. Бұған дейін 22 наурызда сырт алаңда Уэльс құрам­а­сынан 3:1 есебімен ұтылды. 25 наурызда Лихтенштейн құрамасын 0:2 есебі­мен жеңді. 9 шілдеде осы «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македония футболшыларына 0:1 есебімен жол берді. Бес матчтан соң 10 ұпай жинаған Уэльс құрамасы әзірге көш бастап тұр.

Ұлттық құрама ертең сырт алаңда Бельгия құрамасына қарсы ойын өткізеді. 10 қазанда Лихтенштейн командасын қабылдайды, 13 қазанда Солтүстік Македонияға барады. Іріктеу кезеңін түйіндер матч 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді, жігіттер Бельгия құрамасына қарсы тартысқа түседі.