57 келіде бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Карина Ибрагимова қарсыласынан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыздың жолы алғашқы айналымда грекиялық Панагиота Кузилоумен түйісті. Жекпе-жек барысында Карина сенімді өнер көрсетіп, жеңісті өз атына тіркеді.
Отандасымыздың пайдасына қорытынды есеп - 5: 0.
Айта кетейік, Карина Ибрагимованың қоржынында әлем біріншілігінің 3 жүлдесі бар.