• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 08:30

Яндекс Музыкамен ең үлкен фестиваль Алматыда: алғашқы күн қалай өтті?

10 рет
көрсетілді

4-7 қыркүйек күндері Алматыда Park Live Almaty музыкалық фестивалі екінші мәрте ұйымдастырылды. Бір сахнада Robbie Williams, Marilyn Manson, Röyksopp, Alan Walker сынды жұлдыздармен бірге қазақстандық әртістер де өнер көрсетті.

Ayau, V \$ X V Prince & De Lacure, Turan Ethno-Folk Ensemble өздерінің басты хиттерін орындап, фестиваль қонақтарына ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Мыңдаған көрерменнің, соның ішінде шетелдік қонақтардың алдында өнер көрсету мүмкіндігі қазақстандық музыка индустриясы өкілдері үшін маңызды қадам болып саналады.

Фестивальдің алғашқы күнінде сахнаны Ayau қыздырды, ал көрермендер оның хит әндерін бірге шырқады.

«Әлемдік жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсету – үлкен жауапкершілік әрі өз лейблімді, шығармашылығымды танытудың тамаша мүмкіндігі. Қалың көрермен, керемет энергия! Адамдардың әндерімді біліп, қосылып шырқағаны қандай жағымды әсер береді», – деп бөлісті Ayau.

Әншінің айтуынша, Яндекс Музыканың ұсыныс алгоритмдері оның тректерін ілгерілетуге ықпал етіп, жас музыканттарға жаңа тыңдарман табуға, ал тыңдармандарға қызықты әртістермен қауышуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, фестиваль қонақтары Яндекс Музыкаға арналған арнайы аймаққа кіре алады. Мұнда сервистің соңғы жаңалықтарымен танысып, креативті фотозонада суретке түсіп, «Менің толқыным» сервисіндегі градиенттерге сәйкес жасалған лимонад дәмін татып көруге мүмкіндік бар!

Сондай-ақ сервисте фестиваль әртістерімен жақынырақ танысу үшін арнайы плейлист пен Ayau, V $ X V Prince & De Lacure, Turan Ethno-Folk Ensemble және Edigee қатысқан сұхбат жарияланды.

«Мұндай шаралар әртістерге тек сахна ғана емес, жаңа аудитория табуға, тыңдармандарға жаңа есімдерді ашуға жол ашады. Қазақстандық музыканттарды әлемдік жұлдыздармен қатар қою – мәдени алмасуды дамытып, ұлттық таланттарды танытары сөзсіз», – дейді Яндекс Музыка өкілдері.

Айта кетсек, Yandex Музыка қазақстандық әртістермен жүйелі түрде жұмыс істейді: сервисте олардың мыңнан астам тректері бар, сондай-ақ арнайы ISKRA Qazaqstan плейлисті ұсынылған. Соның арқасында қазақстандық әртістер музыкалық сервистен тұрақты түрде ақпараттық қолдау алып отырады.

Бұдан бөлек, сервисте Суперлонч айдары іске қосылған, онда Қазақстандағы ең көп тыңдалған жаңалықтардың үздік топтамасы бар.

Яндекс Музыканың технологиялық мүмкіндіктерінің, яғни ақылды ұсыныс жүйесінің арқасында жас орындаушылар Қазақстанда да, шетелде де байқалып, тыңдалуға нақты мүмкіндік алады.

Яндекс Музыканың смарт-жүйесі арқасында жас орындаушылар тек Қазақстанда ғана емес, шетелден де тыңдарман таба алады.

Мәселен, Jazzdauren есімді танымал орындаушының тыңдалымдары үш айда 24 мыңнан 5 миллионға дейін өскен. Ал ESKO-ның аудиториясы 49 мыңнан 190 мың тыңдарманға дейін төрт есеге артқан. Бұл – жас орындаушылар үшін жобаның нақты мүмкіндіктерін айшықтайды.

Күшті қолдауға ие болған әртістер қатарында 6ellucci, bir kyz, кухня, The Brookln, Amourski де бар, олардың тректері ротацияға еніп, плейлисттерге қосылды, ал орындаушылардың өздері кең аудиторияның назарында болды.

Жуырда қазақстандық әртістер мен олардың шығармашылығына арналған «Өзіміздікілерді тыңдайық» жобасы іске қосылды. Шымкент, Қостанай, Қызылорда және басқа да қалаларда олардың ән жолдары жазылған баннерлер пайда болды.

Ал қосымшада қалаларға арналған плейлисттер мен сұхбаттар жарияланды.

Яндекс Музыка жобалары қазақстандық таланттарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, елдің музыкалық және креативті индустриясын дамытуға ықпал етіп келеді, Қазақстанның мәдени имиджін көтеріп, ойын-сауық саласына инвестициялар тартуға серпін береді.