• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт Бүгін, 07:53

«Ақбаян» алдына қара салмады

120 рет
көрсетілді

Атырауда республикалық ат бәйгесі өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 120-дан астам жүйрік қосылды.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықовтың айтуынша, бұл бәйге – ұлттық спортты дәріптеу мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағыт­­талған маңызды шара. Елдің бірлігін нығай­тып, ұлттық салт-дәстүр мен спортты дәріптеу көздел­ген.

Бәйгенің жүлде қоры – 10 миллион теңге. Мәселен, 6 шақырымдық тай жарыста Батыс Қазақстан облысынан келген «Медина» атты жүйріктің иесі бірінші орынды олжалады. Ал 9 шақырымды құраған құнан бәйгеде Ақжайық ауданы­нан қосылған «Бөрте» сәйгүлігі топ жарды.

Топ бәйгенің жүйріктері 18 шақырымға шапты. Маңғыстау облысының тұлпары – «Сархан» мәреге бірінші жетті. Жүйрікті бәйгеге қосқан атбегіге 1 миллион 200 мың теңге берілді.

Жұрт аламан бәйгені асыға күтті. Аламанның қашықтығы – 24 шақырым. Бұл сайыста «Ақбаян» атты жүйріктің бағы жанды. Желдей ескен жануар­дың иесі 1 миллион 800 мың теңгені иеленді.

«Бұл – мен үшін ерекше жеңіс әрі қуаныш. Алғаш рет бәйге атымен 7 жасымда шапқан едім. Үш жылдан бері шабандозбын. Аламанда алдына қара салмаған «Сархан» аталатын жүйрікті Ресей­ден әкелінген», дейді шабандоз Насихат Абдолла.

 

Атырау облысы