• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Жантүршігерлік жол апаты

20 рет
көрсетілді

Ресейдің «Челябинск-Новосибирск» автотрассасының қазақстандық участогында тапа-тал түсте жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апат Мамлют ауданының Кранознаменский ауылының түбінде болған. Осы жерде  Chevrolet, Mazda және Lexus маркалы үш автомобиль бір-біріне соғылып, нәтижесінде екі адам сол жерде мерт болып, қалған бес жан түрлі дене жарақатын алған. Жараланғандардың біреуі Мамлют аудандық ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы орта дәрежедегі ауыр деп бағаланған.

Ал қалған төртеуі Петропавл қаласының ауруханасына жеткізілген. Екеуінің жағдайы өте ауыр. Қазір апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы