• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:25

«AMANAT» партиясының араласуымен Төле би ауылындағы төрт жылға созылған мектеп құрылысы аяқталды

20 рет
көрсетілді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның құрылысы қаржыландыру тапшылығына байланысты төрт жылға жуық уақытқа созылып кеткен еді. Осы уақыт аралығында 600-ден астам оқушы тар әрі жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта білім алуға мәжбүр болды. Жобаның аяқталуына «AMANAT» партиясының тікелей араласты. Партия бастамасымен облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, фракция депутаттары құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстады.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыповтың айтуынша, бастапқыда нысанды аяқтауға мемлекетке заңсыз шығарылып, кейін қайтарылған активтер есебінен 1,5 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл сома жеткіліксіз болды.

«Осы кезде жағдайға «AMANAT» партиясы араласты. Партияның бастамасымен облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Депутаттар әр кезеңде жұмыс сапасын бақылап отырды. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, жаңа мектеп өз есігін ашты», – деді ол.

Бұдан бөлек, жаңа оқу жылында Алматы облысында тағы сегіз мектеп пайдалануға берілді. Олардың барлығы ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Айрықша атап өтерлігі – Іле ауданына қарасты Мұхамеджан Түймебаев ауылында ашылған 900 орындық мектеп. Бұл нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтеріп, партияның тікелей бақылауында болды.

«Партия апатты және үш ауысымды мектептерді жоюды міндет етіп қойды. Екі жыл бұрын облыста мұндай 52 мектеп болған. Бүгінгі мектептің ашылуы – сол уәденің орындалғанының дәлелі. Ол Жол картасында белгіленген 63 нысанның бірі. Мұнда STEM зертханасы, робототехника кабинеті, спорт және шығармашылық сыныптар жабдықталған», – деп атап өтті облыстық филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Көбентаев.

Айта кетейік, білім беру инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқытуды азайтып қана қоймай, мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге, сондай-ақ мыңдаған оқушыға заманауи әрі қауіпсіз жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.Бүгін облысымыздағы 491 мектеп есігін айқара ашып, 362 мыңнан аса оқушы оқу жылын бастады. Осы оқу жылында тек 1 сыныптардың өзіне 35 500 бала қабылданып отыр. Бұл барлық бала санының 10% пайызын құрайды және өңірде бала санының қарқынды өсіп отырғандығын көрсетеді.

Алматы олблысы.