• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 28 Тамыз, 2025

648 шетел азаматы елден шығарылған

0 рет
көрсетілді

Жамбыл облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы келтірген мәліметке сенсек, жеті ай ішінде өңірде 21311 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар уақытша тіркелуге рұқсат алған деп хабарлайды Egemen.kz.

Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арай Айымбеттің айтуынша, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2756 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып (ҚР ӘҚБтК-нің 517, 510 және 449 баптары бойынша), оның 648-і Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған. Елден шығарылғандардың дені Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменістан Республикасының азаматтары екен.

Басқарма басшысының айтуынша, шетел азаматтарының ел заңын сақтауына қабылдаушы тарап та жауап береді. Осы орайда олардың ел аумағынан уақтылы кетпегені үшін 407 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

«Қазақстан Республикасының азаматтары шетел жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабы бойынша 102 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. 2025 жылдың 7 ай ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы 65 594 650 теңге сомасында айыппұл салынды.

Көші-қон заңнамасын бұзған үшін ҚР ҚК-нің 392 бабы бойынша (мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін) 3 қылмыстық іс және ҚР аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін, ҚР ҚК-нің 394 бабы бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды», дейді А. Айымбет.

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар