Елімізге инвестиция тарту – Президенттің 2024 жылғы Жолдауында қойылған басты міндеттердің бірі екені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 9,9 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1 пайызға артық (8,3 трлн теңге).
Осы жылдың 7 айындағы инвестициялардың негізгі үлесі тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік және қоймалау, білім беру, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты салаларға тиесілі.