• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде өнер көрсетеді

30 рет
көрсетілді

Асудың кезекті қарсыласы - америкалық UFC шебері Алекс Перес, деп жазады Egemen.kz.

Асу мен Перес 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде кездеседі. Бұл – Катардағы алғашқы UFC турнирі болмақ.

Жақында Перес Алмабаевқа үндеу тастаған еді. 33 жастағы америкалық 2017 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Қазіргі көрсеткіші – 7 жеңіс, 5 жеңіліс. 2020 жылдың қарашасында Алекс үш жеңістен кейін чемпиондық белбеу үшін айқасқа шыққанымен, бірінші раундта Дейвесон Фигередодан жеңіліп қалған.

Одан кейінгі екі жекпе-жегінде Перестің қарсыластары чемпиондар - Алешандре Пантожа мен Мұхаммад Мокаев болды. Ол екеуінде де жеңіліс тапты.

Перестің үлкен кемшілігі – UFC-де 13 жекпе-жегі әртүрлі себеппен өтпей қалған. Оның алтауына тікелей өзі кінәлі. Қазіргі таңда UFC рейтингінде америкалық 8-орында, ал Асу – 9-орында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26 ​​шілдесінде өткен соңғы жекпе-жегінде Асу перулік Хосе Очоаны (8-2) тізе бүктірген болатын.