Атырау облысында көпқабатты үйлердегі 286 пәтердің терезесіне толық ашылуды шектейтін арнайы тетік орнатылған, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Думан Үмбеттің мәлім етуінше, 3-9 жастағы балаларға терезеден құлау қаупі жиі төнеді.
«Биыл жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезеінен құлады. Ата-аналары зардап шеккен 3-9 жастағы балаларды пәтерінде қараусыз қалдырып кеткен. Пәтердегі терезеге таяу тұсқа жиһаз қойылған. Ал терезені москитті торға сеніп, ашық қалдырғаны анықталды. Бұл – ата-аналар тарапынан болған салғырттықтың салдары», дейді Думан Үмбет.