Вьетнамда соққан «Кадзики» тропикалық дауылы елдің бірнеше өңірінде ойран салып, жүздеген мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр етті, деп жазады Egemen.kz.
Бұған қоса елдің оңтүстік және солтүстік өңірлерінде нөсер жауын селдетті. Секундына 30 метрге дейін жеткен қатты жел Ханой қаласында ағаштар мен электр бағандарын құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті.
Табиғат апатынан шамамен 600 мың адам эвакуацияланып жатыр. Бір адамның қаза тапқаны ресми хабарланды. Сонымен қатар, елдегі бірнеше әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Дауыл Қытайдың Хайнань аралына да жетіп, ондағы инфрақұрылымға зиян келтірді. Синоптиктер өңірде сел мен көшкін жүру қаупі әлі де жоғары екенін ескертті.