• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:00

Жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

30 рет
көрсетілді

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеру жалғасып отыр.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құ­ра­мы­на өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесші­лері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммунал­дық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.

Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелері­не дайындығын тексерді. Инвес­тициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.