1993 жылы АҚШ-та кештен қайтып келе жатқан төрт жасөспірімге көліктен оқ атылады. Екі бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Полиция бастапқыда 17 жастағы Дэвид Рэнджелді күдікті деп таниды, бірақ ол айыпты немере ағасы – 16 жастағы Дэниел Виллегасқа жапқан.
Қысымға шыдамаған Виллегас қылмысты мойындап, өмір бойына сотталады. Кейінгі жылдары оның ісі бірнеше рет қаралғанымен, апелляциялары қабылданбайды. Тек 25 жылдан соң адвокат қарсы дәлелдер тауып, Виллегастың кінәсіздігін дәлелдеп шығады. Осылайша Дэниел 41 жасында бостандыққа оралды.