Синоптиктер 26 тамызда Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста қатты аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысында күндіз батыста және солтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады, батыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстікте өте жоғары, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыста, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі.
Ақтөбе облысында күндіз оңтүстік пен шығыста 37 градус қатты ыстық болады. Оңтүстікте өте жоғары, орталықта және шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында шығыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте жоғары, батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күн күркіреп, батыста, солтүстікте және оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз 35-37 градус ыстық. Батыста және шығыста өрт қаупі өте жоғары, орталықта және оңтүстікте жоғары. Атырауда найзағай ойнайды, күндіз 35-36 градус ыстық болады, өрт қаупі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында батыста, оңтүстікте, орталықта өрт қаупі жоғары болады.
Алматы облысында күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Жетісу облысында шығыс пен солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус ыстық. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өңірде өрт қаупі өте жоғары.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, күндіз таулы аймақтарда шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Шөлді аймақтарда 41 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз шығыста және орталықта шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.