• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:03

Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады

20 рет
көрсетілді

Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22  ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған келісімшартқа сәйкес, облыс басшылығы 50 елді мекенде антенна матчталық діңгек орнатуды өз мойнына алған. Ал «Билайн Қазақстан» соған базалық станцияларын қойды.

«Үш жылдың ішінде бұл жобаға бюджеттен 4,4 млрд теңге инвестиция салынды.  2024 жылы 44 елді мекенде антена құрылысы аяқталып, желтоқсан айында 15 ауыл сапалы байланыс жүйесіне қосылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасады. Қазіргі кезде 51 ауылдың жобалық-сметалық құжаты дайын», дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

«Билайн-Қазақстан» компаниясының басшысы қондырғыларға жер бөліп, оны орнату жағынан Қостанай облысы басқа өңірлерден озық тұрғанын атап өтті.

«Қостанай басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері. Қазір облыста біздің 450 базалық станция бар. Соның арқасында жарты миллионннан астам тұрғын біздің байланысты пайдаланады. Болашақта кең жолақты интернетті өз абоненттерімізге қолжетімді қыламыз», дейді «Вeeline Қазақстан» компаниясының басшысы Рауан Қабдырахимов.

Билайн компаниясы облыс аумағындағы елді мекендерді түгелдей 4G интернет желісімен қамтуды көздеп отыр.

Қостанай облысы