Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімшілік істі қарау нәтижесімен заңды тұлға кінәлі деп танылған.
«Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі негізінде «Потенциал Ойл» ЖШС-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Компаниядан 7 249 870 теңге мөлшеріндегі айыппұл өндірілді», деп хабардар етті департаменттің баспасөз қызметі.