• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 12:55

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

30 рет
көрсетілді

Синоптиктер 26, 27 және 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел аумағында ауа райын батыстан келген антициклон айқындайды. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық күн райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр найзағаймен тек солтүстік-батыс өңірлерде болжанып отыр: 26-28 тамызда – батыста, 28 тамызда – солтүстікте.

Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

Батыста: +23…+34 °C, кей жерлерде +38 °C дейін ыстық; Солтүстік-батыс: +30…+35 °C шамасында ыстық сақталады; Солтүстік: +27 °C дейін, кей жерлерде +30…+35 °C дейін көтеріледі; Солтүстік Қазақстан облысы: +27…+32 °C-тан +22…+27 °C-қа дейін төмендейді; Орталық: қатты ыстық, +30…+35 °C; Шығыс: +17…+27 °C-тан +24…+33 °C-қа дейін көтеріледі; Оңтүстік: қатты ыстық, +35…+40 °C дейін; Оңтүстік-шығыс: +30…+35 °C, таулы аймақтарда +20…+25 °C-тан +32…+37 °C-қа дейін.

Синоптиктердің болжамынша, тамыз айында ауа райы құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз ыстық орнайды, ал басқа аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі.