АҚШ-тың Кливленд қаласында теннистен беделді WTA 250 турнирі мәресіне жетті. Бәсекенің жұптық сынында отандасымыз Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Финалда олар Тайбэйлік Хао Чин Чань мен Синью Янь (Қытай) жұбына қарсы кордқа шықты.
Тартысты өткен сайыста 7:6(7:3), 6:4 есебі тіркеліп, қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұбы үздік болды.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Анна осылайша жұптық сайыста WTA турнирлерінде 14 рет чемпион атанып отыр.