• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

«Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

20 рет
көрсетілді

Алматы облысында, дәлірегі Алматы қаласынан 40 шақырым жерде әйгілі испандық клубтың академиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Академияда Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 120 жас футболшы испан футболының әдістемесі бойынша дайындалады. Оқушыларды таңдауда олардың физикалық дайындығымен қатар психологиялық қабілеттеріне де мән берілмек.

Академия заманауи инфрақұрылыммен қамтылған. Онда жаттығу алаңдары, дене шынықтыру залдары және теориялық сабақтарға арналған аудиториялар бар. Жасөспірімдердің бір бөлігі грант негізінде білім алса, қалғандары ақылы түрде оқиды.

2026 жылдан бастап академия тәрбиеленушілері ел чемпионаттарына, сондай-ақ QJ-лигасы мен халықаралық турнирлерге қатысады. Алдағы уақытта нысан аумағында қосымша бес футбол алаңын салу жоспарланған. Сарапшылардың айтуларынша, «Атлетико Мадрид» академиясының ашылуы Қазақстандағы жасөспірімдер футболының дамуына серпін береді.