• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:22

Көкшетауда жүгіруден болған түнгі жарыстан кейін 35 жастағы әйел көз жұмды

30 рет
көрсетілді

Көкшетауда өткен түнгі жүгіру жарысы қайғылы жағдаймен аяқталды. 35 жастағы қатысушы 5 шақырымдық қашықтықта өзін нашар сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жарыс орнында кезекші болған медициналық бригада дереу алғашқы көмек көрсетіп, жедел түрде әйелді ауруханаға жеткізді. Дегенмен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, спортшы келесі күні таңертең есін жимастан қайтыс болды.

Ақмола облысы спорт басқармасының мәліметінше, марқұм бұрын-соңды денсаулығына шағымданбаған, жақсы спорттық қалыпта болған. Қазір оның өліміне қатысты медициналық сараптама тағайындалды, нақты себептері кейін белгілі болады.

Бұл елімізде спорттық жарыс кезінде болған алғашқы қайғылы жағдай емес. Бұған дейін де марафондар мен жарыстарда қатысушылардың денсаулығы сыр беріп, күтпеген оқиғалар тіркелген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жарыстарға қатысар алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.