• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 12:58

Алматы облысында көлікпен адамдарды әдейі басып кеткен күдіктілер ұсталды

30 рет
көрсетілді

Алматы облысында жас жігітті көлік басып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Оқинаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Одан бір топ адамның көліктен түсіп, жанжалға дайындалып тұрғанын көруге болады. Алдымен, бір көлік осы топтағы бір адамды қағып өтеді, кейін екінші көлікте олардың бағытында жүріп өтеді.

Алматы облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

— Полицейлер «ізін суытпай» екі күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полициядан.