• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Университет Бүгін, 09:45

Манас елінде ЕҰУ филиалы ашылды

30 рет
көрсетілді

Бішкек қаласында Еуразия ұлттық университетінің Ош мемлекеттік университеті базасындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының ғылым, жо­ға­ры білім және инновациялар министрі Бактияр Орозов, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожобеков, сондай-ақ екі елдің жоғары білім жүйесінің өкілдері қатысты.

«Былтыр Қырғызстан Прези­дентінің Қазақстанға сапары аясында екі елдің жастарын жақындастыра түсетін бірқатар уағдаластыққа қол жеткізген едік. Соның нәтижесінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің Ош қаласындағы фи­лиа­лы ашылып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттеріне 50 грант бөліп отыр. Келесі жылдан бастап грант санын 60-қа дейін көбейтеміз деп шештік», деп атап өтті Мемлекет басшысы ресми сапарының қорытындысы бойынша берген  баспасөз брифингінде. 

ЕҰУ-дың Ош мемлекеттік уни­верситетіндегі филиалы экология, ақпараттық-ком­му­никациялық технологиялар және қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайды. Филиал базасында екі елдің студенттері орыс тілі мен әдебиеті, аударма ісі, шет тілі, журналистика, физика маман­дықтары бойынша білім алып, оқуын аяқтаған соң екі универ­ситеттің қос дипломын алады.

Айта кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академиялық ұтқырлық және қос дипломдық білім беру бағдарламалары бо­йынша Қырғыз Республикасының 16 университетімен ынты­мақтасады.

Соңғы жаңалықтар