• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 19:17

JAIDARMAN. MAMANCUP – республикалық арнайы жоба өтеді

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандар жылына орай Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және қолдауымен JAIDARMAN. MAMANCUP республикалық арнайы жобасы ұйымдастырылады.

 

Шара 22 тамыз күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.

Жобаның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, еңбекші мамандардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және қазақстандық жастардың мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосу.

Кеш барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жайдарманшылар бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Жүлде қоры:

І орын – 1 000 000 теңге

ІІ орын – 500 000 теңге

ІІІ орын – 300 000 теңге

JAIDARMAN. MAMANCUP – тек әзіл мен тапқырлықты насихаттайтын емес, ел жастарының бірлігін, белсенділігін және шығармашылығын айқындайтын мәдени жоба болып отыр.

Іс-шараны Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.