Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мысалы, отандық зауыттардың өнімдерін жаңғырту және басым сатып алу есебінен жол-құрылыс саласын отандық битуммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Үкімет бекіткен Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған.
«Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсат – әрбір отандасымыздың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономика құруға бағытталған», деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.