• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:00

Ислам Сәтпаев Азия додасында топ жарды

30 рет
көрсетілді

Нысана көздеуден Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 метрге пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасының финалында ол 250,1 ұпай жинап алтын медаль иеленді. 

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасса, 228,7 ұпаймен қола медальға ие болған оңтүстіккореялық Пак Хаджун.

Айта кетелік, Ислам Сәтпаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған.