• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:20

Тамызда заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленді

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2025 жылғы тамыз айының басынан бастап ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында қаруды, соның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан анықтау және тәркілеу мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.