• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Жәнібек Әлімханұлының басы дауға қалды

30 рет
көрсетілді

Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол мұндай «жағымсыз мысалдардың» бірі ретінде орта салмақтағы әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы желідегі пікір-талас екенін айтты.

«Әлеуметтік желідегі қақтығыстар Шакур Стивенсон мен «Танк» Дэвис арасында басталды, кейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында өрбіді. Ал қазір – Ксандер Зайас пен Вёрджил Ортис.Боксшылар бір-бірімен рингте емес, әлеуметтік желіде айқасқанда бұл жанкүйерлерді жиіркендіріп, спортқа зиянын тигізеді» –деп жазды Саласар өзінің Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) 5-раундта нокаутпен жеңген болатын. Сонымен қатар бұл салмақ дәрежесінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) да чемпион.

Әлімханұлы Адамеске жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жіберілгенін, алайда доминикандық боксшы ұсынысты қабылдамағанын айтқан.