• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 18:03

Ресейде жер сілкінді

20 рет
көрсетілді

Ресейдің Камчатка түбегі маңында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТАСС агенттігінің дерегінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Тынық мұхитында шамамен 60 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі Петропавловск-Камчатский қаласынан 455 шақырым қашықтықта тіркелді.

Бұл – соңғы 24 сағаттағы ең қуатты сейсмикалық оқиға. Бақылау нәтижесіне сәйкес, тәулік ішінде магнитудасы 4–5 аралығындағы 16 афтершок болған.

Аймақтың ТЖМ өкілдері соңғы аптада афтершоктардың саны 40 пайызға азайғанын мәлімдеді. Бұған дейін, 30 шілде күні Камчатка жағалауында 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болған еді. Оның магнитудасы ресми деректер бойынша 8,8-ге жетті.

Осыған байланысты Камчаткада төтенше дайындық режимі енгізілді. Қуатты жер сілкінісі Солтүстік Курильск қаласында да сезіліп, артынан цунами тіркелді. Су деңгейінің максималды көтерілуі 200 метрге жуықтаған. Тынық мұхиттағы бұл дүмпулер Жапония, АҚШ және Филиппин билігіне де қауіп туралы ескерту жасауға себеп болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда болған төтенше жағдай кезінде таулы лагерьден 60 альпинист эвакуацияланған еді. Олардың арасында қазақстандықтар да бар.