Ақпаратты қала әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек растады, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің бұрын атқарған қызметіндегі мәселелерге байланысты сауалдар туындаған.
«Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты растаймыз. Бұл ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі, Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейінгі орындаған жұмыстарына қатысты екенін мәлімдейміз. Құзырлы органдар тарапынан ол кісінің бұрынғы атқарған қызметіне қатысты сауалдар туындағаны рас», деді Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, алдын ала мәліметтер бойынша, Арман Әбдешов Тараз қаласында «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу» бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілігіп, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.