• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 11:25

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.