• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 17:40

«Келешек мектептері» жобасы аясында баспасөз туры өтті

40 рет
көрсетілді

Бүгін Орал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. БҚО әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында педагогтар мен ата-аналар бастауыш сыныптарды жаңа форматта оқыту тәжірибесімен бөлісті.

«Балақайлар мектебі» – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді бейімдеуге арналған маңызды жоба. Қазіргі таңда мектебімізде 1480 оқушы білім алып жатыр, оның ішінде 172 бала 1-сыныпқа өтініш беріп, 156 бала дайындық курсына қатысып жатыр. Бұл курс балалардың танымдық дағдыларын дамытуға, сөйлеу, жазу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы оқу жылында 1-сыныптарға 8 сынып-комплекті жасақталды. Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын», деді №52 жалпы білім беретін мектептің директоры Самал Рахметуллина.

Бастауыш сынып мұғалімі бұл жоба балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ата-аналар «Балақайлар мектебі» арқылы балалардың мектепке деген қызығушылығы артқанын және сенімділікпен оқуға дайындалатынын жеткізді.