Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Жерлесіміз финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.
Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.