• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:56

Ернар Жиембай Руслан Берденовтен кешірім сұрады

20 рет
көрсетілді

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленуші шенеуніктен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін жәбірленушінің өзі онлайн бейнебайланыс арқылы куәлік берді. Руслан Берденов куәлік беру сәтін фото-видеоға түсіруге рұқсат етпеген.

Өз сөзінде Берденов Жиембаймен үш рет қана кездескенін, оның екеуі жұмыс барысында, үшіншісі қастандық жасалған күні екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол екі кездесуде де жанжал болмағанын айтып, оған сол орындардағы техникалық құралдар арқылы көз жеткізуге болатынына назар аударды. Шымкенттік шенеунік полиграф арқылы да жауап беруге әзір екенін жеткізді. 

Айыпталушы Ернар Жиембай Руслан Берденовтен кешірім сұрады.

«Дұрыс істедім демеймін. Кешірім сұраймын. Өлтіретін ниетім болған жоқ. Тез сауығып кетуіңе тілектеспін. Алдыңа өзім барып,  кешірім сұрай аламын», деді ол. 

Айта кетейік, осы жылдың 21 - сәуірінде Шымкент қаласы әкімдігінің алдында шенеунікке оқ атылған еді.