• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 12:49

Оқушыларды мектептен мектепке онлайн ауыстыруға болады

20 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі бұл қызмет EGov порталында қолжетімді екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

EGov порталында тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге болады.Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.Қызметті алу үшін мына нұсқаулық бойынша командаларды орындау керек:• eGov.kz порталында тіркелу;• «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.