• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 09:36

Отан шекарасын күзету – абырой мен парыз

30 рет
көрсетілді

Шекара - мемлекеттіліктің тірегі, елдің тәуелсіздігінің айғағы. Әрбір мемлекеттің тыныштығы мен тұтастығы ең алдымен оның шекарасымен өлшенеді. Бұл тек қана картадағы сызық емес, халықтың бейбіт өмірінің, елдің егемендігі мен мемлекет құндылықтарының басты кепілі. Сондықтан шекара күзету ең қасиетті әрі ең жауапты міндеттердің бірі.

Шекарашы мамандығы - қашанда ерлік пен табандылықты талап ететін қызмет. Таңның атысынан күннің батысына дейін, түннің қап-қараңғысында да, табиғаттың сан алуан мінезінде де шекарашы қырағы болуы тиіс. Өйткені біздің артымызда туған жеріміздің тыныштығы, халқымыздың бейбіт өмірі мен балаларымыздың болашағы тұр.

Шекара шебіндегі әрбір күн сынақ. Ол физикалық шыдамдылықты ғана емес, рухани беріктікті де талап етеді. Біздің міндетіміз заңсыз әрекеттердің жолын кесу, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл қызметтің жауапкершілігі орасан зор, себебі әрбір қадамымыз ел тағдырына тікелей әсер етеді.

Шекарашы болу тек қызмет емес, ол - өмірлік ұстаным. Біз антымызға адал бола отырып, Отан алдындағы борышымызды орындап жүрміз. Әрбір әріптесімнің бойынан да осы қайсарлық, тәртіпке бағыну және Отанға деген шексіз махаббат көремін.

Біз күзетіп тұрған шекара – Қазақстан халқының тыныштығы мен елдің болашағының кепілі екенін әрдайым есте сақтайық. 

 

Шадияр Жұмақұлов,ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облыстық департаменті,Сарыағаш ауданы бойыншаШекара басқармасының офицері, майор