• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:23

Қазақстан Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуін Украина бойынша диалогтың бастауы ретінде құптайды

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи маңызы бар бұл саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге, соның ішінде Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ тәсілдерді табуға деген шынайы ұмтылысының арқасында мүмкін болды деп санайды, - деді Руслан Желдібай.