• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Тамыз, 2025

«Қалқан-2025» – атом энергетикасын енгізуге дайындық

0 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні Өскеменде Төтенше жағдайлар министрлігі, Атом энергиясы жөніндегі агенттік, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Қалқан-2025» бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Айдың 11-де басталған шара бүгін аяқталады.

Іс-шара атом электр стансасының құрылысы қарсаңында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болды. Оқу-жаттығулар барысында мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру сценарийлері пысықталды.

«Қалқан-2025» оқу-жаттығулары еліміздің атом энергетикасы саласында озық технологиялар мен басқару әдістерін қолдануға дайын екенін, сондай-ақ елдің тұрақты даму қағидаттары мен аса маңызды нысандарды қауіпсіз пайдалануға бейілділігін көрсетті.