• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 10:15

Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

30 рет
көрсетілді

Қазақ даласын әуенмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Оның әндері елдің түкпір-түкпірінде жиі шырқалып, өнерсүйер жұртшылық арасында кеңінен тараған, деп жазады Egemen.kz. 

«Қазақ вальсінің королі» атанған сазгер 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.

Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. 

Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.

Сазгер 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр сырқаттан көз жұмған болатын.

Шәмшінің жүрек тербеген сырлы әндері ұлт рухын оятып, бірнеше буынның жадында жатталып, халқымыздың мәдени қазынасына айналды.