• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 08:35

Адал азамат тәрбиелеу міндеті

150 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы Тамыз кон­ферен­циясы аясында жер-жерде панельдік секциялар өтіп жатыр. Соның бірі мемлекеттік сая­саттың негізгі идея­сы­мен үндесетін «Адал аза­мат» біртұтас тәр­бие бағдарламасына арналды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдас­тыр­ған жиынға еліміз­дің барлық өңірінен білім ұйымдарының бас­шы­лары, тәрбие ісі жө­нін­де­гі орынбасарлар, педа­­гогтер, білім басқар­ма­ла­рының мамандары, әдіс­темелік орталық­тар­­дың әдіскерлері және мем­лекеттік мүдделі орган­дар­дың өкілдері қатысты.

«Адал азамат: тәрбие эко­жүйесі және мектеп – отбасы – қоғам синергиясы» тақы­рыбындағы отырыста қа­тысу­шылар былтырғы оқу жылының қорытындысына талдау жасап, жаңа оқу жылындағы басымдықтарды айқындау, мүдделі органдармен ынтымақтастық, тәр­бие бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тәсіл­дері және қоғамда құнды­лық­тарды дәріптеу мәселелерін тал­қылады. Секция барысында «Адал азамат» бір­тұтас тәрбие бағдар­лама­сының ғылыми-әдіс­теме­лік негіздері, алғашқы нәти­желері, құндылыққа негіз­делген тәрбие, тәрбие жұ­мы­сының нәтижесін ба­ғалауда назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ ерте кәсіби бағдар, қар­­жылық сауат, әскери-патриот­тық тәрбие, қауіпсіздік мә­дениеті және ата-аналармен жұмысты жетіл­діру бағыт­­тарында баян­­дамалар ұсы­нылып, мек­теп тәжіри­­бе­сінен үздік жоба­­лар таныстырылды.

Бұған дейін респуб­лика­дағы барлық мемлекеттік мек­тепке «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасы енгізіліп, орта білім ұйымдарында тәрбие жұмыстары аталған бағдарлама негізінде жүр­гізіліп келді. Енді алғаш рет биылғы 1 қыркүйектен бас­тап сол тұжырымдаманың жалғасы ретінде «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы еліміздегі бүкіл оқу ошағына, жекеменшік мектептерге де міндетті болмақ. Бағ­дар­ламаның мазмұны жа­ңар­­тылып, Мемлекет бас­шы­сының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Жұмысты үйлестіруші Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА таратқан ақпаратқа сүйенсек, меншік ны­санына қарамастан, бар­лық мектепке міндетті ен­гізілуі тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушыға тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. «Адал азамат» бағдар­ламасының мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағыт­талады.

Осыған орай барша мектепке арналып бірыңғай визуалды стандарт – брендбук әзірленеді. Мектептің ішкі келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін ортаға айналады. Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда барлық тараптың өзара бірлесе қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. Мектептердегі тәрбие ісі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз байланыста жүргізіледі. Ай са­­­йын белгіленген тақырыптар сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақ­тастырады. Мысалы: әділдік, еңбекқорлық, патриотизм сынды құндылықтар оқу үдерісінің өзегіне айналмақ. Осы бағытта мектеп өміріне «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындар секілді жаңа форматтар енгізіледі. Сонымен қатар оқушының мектептен тыс өмірлік тәжіри­бесін байытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Жиын барысында «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы БАҚ пен «Адал азамат» бағдарламасының идеологиялық үндестігі тура­сында, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-прези­денті, педагогика ғылым­дарының кандидаты Анар Тәңірбергенова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдар­ламасының нәтижелері мен жаңа оқу жылындағы басым­дықтар жөнінде, «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының вице-прези­денті Арофат Әбдіхалық­ұлы «Құндылыққа негіз­дел­ген тәрбие: зерттеулер мен тәжірибе» тақырыбында маз­мұнды баяндама жасады. Олардан өзге де спикерлер өз тәжірибесін бөлісіп, ойын ортаға салды. Со­лар­дың бірі сессияда сөз алған Республикалық Аналар кеңе­сі төрағасының орынба­сары Баян Ахатай ата-ана­ларға бағытталған тәрбие жұ­мыстары арқылы қоғамда адал азаматтарды тәрбиелеу бүгінгінің басты талабы болып тұрғанын айтты. Оның ойынша, «Адал азамат – адал отбасында тәрбиеленеді. Адал отбасы – әділ қоғамның іргетасы» идеяларын ілгері­лете отырып, мақсатты ауди­тория ретінде ата-аналар­ды (ересек тұрғындар), ұстаздар, тәрбиешілер, қоғам белсенділерін, қоғамдық ұйым­дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкіл­дерін қатыстыру маңызды.

«Ересектердің өзара ынты­мақтастығын көріп өскен баланың бойында басқаша көз­қарастардың қалыптасуы мүмкін емес, сондықтан адал азаматтарды тәрбиелеудің ең басты алғышарты – ересек­тердің өзара адал қарым-қаты­насы, адал әрекеті, әр аза­маттың өзіне адалдығы. Бала – айна, өзіміз қандаймыз – бала сондай. Олардан өзіміз көрсеткен нәрсенің жемісін ғана күте аламыз. Қазақ халқы сондықтан да тәрбиені екі-ақ түрге бөліп қарастырған: көргенді, не көргенсіз. Нәти­жеге, қол жеткізу үшін білім ұйым­дарымен бірлесіп ата-ана­ларға арналған тренинг, психологиялық семинар, қо­ғамдық акция, вебинарлар, «Әкелер кеңесі», «Аналар кеңесі» төрағаларымен бірлес­кен отырыстар өткізген орынды.

Секцияның екінші бөлі­мінде жиналғандар бес интерактивті кейс-сессия аясында тәжірибе алмасты. Онда тәрбие экожүйесіндегі өзекті мәселелер мен шешу жолдары, мемлекеттік органдармен ықпалдастық, ата-аналарға педагогикалық қолдау, бала­лардың жеке қауіпсіздігі және отбасы мен мектептің бірлескен білім беру кеңістігін құру тақырыптары қамтылды.