Қытай ғалымдары ДНҚ-ны дәл өңдеудің жаңа әдісін жасап шықты. Енді миллиондаған негізден тұратын ДНҚ фрагменттерін өзгертуге болады.
Бұрынғы «Cre-Lox» әдісі үлкен бөліктерді өңдегенде қиындық тудырып, геномда «із» қалдыратын. Ал жаңа әдіс бұл мәселені шеше алады. Қызығы, бұрын бір қажетті қасиеті бар тұқым алу үшін 1000 тұқым өңдеуге тура келсе, енді жаңа әдіс арқылы 100 тұқым жеткілікті. Бұл әдіс ауылшаруашылық дақылдарын жақсартуға және генетикалық ауруларды емдеуге жол ашады. Сонымен қатар ол жасанды хромосомалар жасауға мүмкіндік береді.